Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 (7252) 77-55-79 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғасырлар үнін сақтаған мұра» атты көшпелі көрмені ұйымдастырды.
Көрменің ашылуында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ілияс Сейтжан мен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Нарикова Райхан сөз сөйлеп, көрменің маңызы мен мақсатына тоқталды.
Келушілер жеті бөлімнен тұратын экспозициямен танысып, Түркістан өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын тамашалады.
Көрменің мақсаты – тарихи-мәдени құндылықтарды республика көлемінде насихаттау, ұлттық мұраны дәріптеу және музейлер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту.