Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған «Қызмет пен құрмет» ғылыми жобасы аясында елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолын ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтті.
Аталған шара Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атанған кәсіпкер, ел ағасы Шаймерден Әбдіғаппар мен облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамбылова Дүйсенкүлге арналды. «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты көрменің басты мақсаты – қоғам игілігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың өмір жолын дәріптеу, олардың ел алдындағы еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету. Салтанатты жиын барысында Әбдіғаппарқызы Инара және Шәбидинов Таубай көрменің лентасын қиып, мазмұнды шараның шымылдығын ашты. Шораев Ғайбулла, Нүрзия Дастанова апайларымыз қызметі, атағы, абыройы туралы қызықты естеліктермен толықтырды. Көрменің ашылу салтанаты ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды ұлықтаған әсерлі сәттерге ұласты. «Зейін» өнер мектебінің жас домбырашылары күмбірлеген күй төгіп, ұлттық өнердің құдіретін танытса, «City School» мектебінің оқушысы Жамбылқызы Адина өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.