Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 (7252) 77-55-79 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу
Бүгін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде елімізге белгілі археолог, Жүйріктаев Қуанышбек Бесбайұлы және тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының «Ерте темір дәуірі археологиясы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов қонақта болды. Қонағымыз музей залдарын аралап, әсіресе Археология залына ерекше тоқталды. Өңірдің ғасырлық тарихынан сыр шертетін құнды экспонаттармен танысып, өз бағасын беріп, музей ұжымына жылы лебізін білдірді. Кездесу соңында Жолдасбек ағамыз өз қаламынан шыққан «Қазақстан археологтарының биобиблиографиясы» атты кітабын музей қорына сыйға тартты. Бұл – музей кітапханасы үшін өте құнды тарту! Құрметті Жолдасбек Құрманқұловқа музейімізге көрсеткен құрметі мен сыйлаған еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!