Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 (7252) 77-55-79 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

25 қазан – Республика күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Олжас Ерболұлы музей қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Облыстық мәдениет басқармасы басшысы Б.Садықовтың алғыс хатымен: Р.Шекербекова, А.Жанбаева, Ү.Есенова, Б.Анарбеков, Н.Пошан;
Оңтүстік Қазақстан өңірі мәдениет қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Е.Басқынбектің “Құрметті мәдениет қызметкері” медалімен Р.Нарикова және Ү.Есенова;
Музей директоры О.Сейдановтың алғыс хатымен: А.Әбдібек, Ә.Жұманазаров, А.Орын және т.б. марапатталды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімі – музей саласының дамуына үлес қосып, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен насихаттау жолында табанды еңбек етіп жүрген қызметкерлерге көрсетілген құрметтің белгісі.
Ел тарихын ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы еңбектері еленген қызметкерлерге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен еңбектеріне жеміс тілейміз!
Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!