Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қор-іріктеу комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында кеңестік және қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері, Шымкент қаласының (1992–1993) және Жамбыл облысының (1995–1998) бұрынғы әкімі, техника ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы Амалбек Қозыбақұлы Тшановтың жеке мұралары музей қорына сыйға тапсырылды.
Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткерінің медальдары, ордендері, мақтау қағаздары, дипломдары мен кітаптары музей қорын толықтырды. Бұл құнды жәдігерлер – еліміздің саяси-қоғамдық өмірінің тарихын танытатын, тұлғаның өмір жолы мен еңбегінен сыр шертетін тарихи мұра.
Музей қорына қабылданған әрбір жәдігер – өткен тарихымызды сақтау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.
Тарихи мұраны сақтау – ортақ міндет, ұрпақ алдындағы аманат!
